Түркістан
EN

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

28
05.11.2025

Бүгін Елордада Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Үкіметінің басшысы Александр Турчин екі ел арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады. Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, сондай-ақ цифрлық индустрия мен жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Кездесу қорытындысы бойынша өнеркәсіптік кооперация, өңіраралық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды. Үкімет басшылары екі елдің стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін атап өтті.