Түркістан облысында алдағы күндері ауа райының қолайсыздығы күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ орын алуы мүмкін. Ал желдің күшеюі көру қашықтығын төмендетпек. Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті барлық жүргізушілерді аса сақ болуға шақырып отыр. Мамандар көлікті алдын ала қысқы маусымға толық қанды дайындауға кеңес береді.