Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті. Бұған дейін бұл келісімге қол қою туралы қаулы былтыр 11 қыркүйекте қабылданған еді. Келісім Қазақстан мен Түркияның әуе кеңістігі арқылы әскери техника мен жеке құрамды тасымалдау шарттарын реттейді. Ол өзара рұқсаттар негізінде әуе дәліздерін пайдалану тәртібін белгілейді.