Түркістан
EN

Келес ауданында 250 орындық көпфункционалды спорт кешені ашылды

58
05.11.2025

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты  Абай ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт нысаны салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.  Жобаның жалпы құны – бір жарым миллиард теңгеден асады. Кешенде 250 көрерменге арналған жарыс залы, волейбол, баскетбол, күрес, бокс және аралас жекпе-жек залдары бар. Мұнда жаттығулармен қатар, ірі спорттық сайыстар өткізуге толық мүмкіндік жасалған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.