Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады. Ведомствоның хабарлауынша, алдағы күндері ел аумағында қар жауып, көктайғақ пайда болып, жел күшейіп, жолдардың көріну деңгейі төмендейді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерден көліктерін қысқы жағдайға алдын ала дайындап, дөңгелектер мен тежегіш жүйесін тексеруді, техникалық сұйықтықтардың деңгейін қадағалауды және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын анықтауды сұрайды. Сондай-ақ, жылдамдық режимін, арақашықтықты қатаң сақтау қажет. Ішкі істер министрлігі өкілдері жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің мұқияттылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін ескертеді.