Түркістан
EN

Шымкенттегі мазарда бейіттер ойылып түсіп жатыр

101
28.03.2022

Шымкенттегі мазарда бейіттер ойылып түсіп жатыр. Осындай жазбамен жарияланған видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейіннен оның ол бейіттің Қайтпас-1 шағынауданында түсірілгені анықталды. Белгісіз жағдаймен қабырдың үстіндегі топырақтар опырылып ойықтар пайда болған. Бірі мұны қалыпты жағдай десе, осы уақытқа дейін жаңбырдан мұндай жағдай болмаған деп таң қалып жатыр. Дауға айналған мәселеге қатысты Қаратау аудандық әкімдігі мәлімдеме жасады. Ондағылардың сөзінше, бәріне қолайсыз ауа райы кінәлі. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар мен демеушілердің көмегімен топырақ алынып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Шұрық тесікке айналған моланың  басым бөлігі топырағы кеппеген жаңа бейіттер екен. Биыл Қаратау ауданындағы мазарларды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 29 млн  300 мың теңге қаражат бөлінген. Бірақ әкімдік өкілінің сөзінше, бұл қаржы тек бейіт маңындағы қоқыстарды тазалау, шөп ору және тал қырқу жұмыстарына жұмсалады. Әрі оған шамамен 20 қызметкер жұмылдырылған.