Түркістан облысында 3 мың 500-ден астам спорт нысаны бар. Соның 86 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Халықтың спорт инфрақұрылымына қолжетімділік көрсеткіші — 43,5 пайызға жетіп отыр. Бұл деректер облыс әкімдігінің мәжілісінде жарияланып, спорт саласындағы жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров инфрақұрылымды дамыту мен бұқаралық спортты қолдауды күшейтуді тапсырды.