Елімізде «Наурыз» мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы тұрғын үйін небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады. Өтінім қабылдау мерзімі – 1-желтоқсанға дейін. Оны тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы беру қажет. Конкурсқа депозитінде кемі 2 миллион теңгесі бар, соңғы 5 жылда өзінде және отбасы мүшелерінде үйі болмаған 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.