Түркістанда қаржы саласының мамандары арасында футболдан турнир өтті. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының бастамасымен өткен сайыс ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды. Мұндағы басты мақсаты түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген мамандардың рухани бірлігін, ұйымшылдығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Әр мекеме өз құрамасын шығарып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ал, жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар ойын соныңда арнайы сыйлықтармен марапатталады.