«Халық заңгері» акциясы өтті

12
03.11.2025 15:42

Төле би аудандық Мәдениет үйінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» атты республикалық акция өтті.
Іс-шара барысында тұрғындарға прокуратура, полиция, сот, әділет, мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тегін заңгерлік кеңес берді. Айта кетейік, акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету. Бұл шараның нәтижесінде аудан тұрғындары жеке мәселелері бойынша кеңес алып, нақты жауаптар алды. Осындай акциялар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты нығайтуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.