Су ресурстары және ирригация министрі жұмыс сапарымен Түркістанға келді

18
03.11.2025 15:28

Түркістан облысында егістіктерге ағын су жеткізу ісін жақсартуға арналған бес жоба жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жылы жауын-шашын мен қардың аз болуы шаруаларды біраз әбігерге салған еді. Енді мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін ирригациялық каналдарды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысын өңірге келген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бақылап қайтты.