Отандық дәрігерлердің айтуынша, қазір ересектердің оннан бір бөлігі қант диабеті дертінен зардап шегіп отыр. Мысалы елімізде қант диабетіне шалдыққандар саны 380 мыңға жеткен. Жыл сайын бұл дерттің кесірінен көз жұматын азаматтардың саны да аз емес. Диагноз дер кезінде қойылған жағдайда бұл ауруды жеңуге болады. Өкінішке қарай, науқастардың көбі асқынған кезде ғана дәрігерге жүгінетін көрінеді. Қазір Түркістан облысында бұл дертпен 63 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Дәрігерлердің айтуынша семіздік және қант диябеті ауруларының тағы бір себебі энергетикалық сусындар екен. Сондықтан ақ халаттылар денсаулыққа мән беріп, қан құрамындағы қант мөлшерін жиі тексеріп отырған абзал дейді.