Түркістан
EN

Аграрлық және білім беру салаларына инвестициялар тартылуда

36
03.11.2025

 Швейцарияның Harvest Agro компаниясы еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне  700 миллион доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Аталған мекеме 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызылорда облысында 20 мың гектар жерге техникалық қарасора, жүгері және соя егу жобасының алғашқы кезеңі басталып кеткен. Келесі кезеңде 2026 жылдан бастап Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттары салынып, тағы 50 мың гектар жер игерілмек. Жоба Kazakh Invest және жергілікті әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады. Өнімнің басым бөлігі ішкі нарыққа, ал бір бөлігі экспортқа бағытталмақ.