Түркістан облысының тарихы, дамуы мен жетістіктерін жалпақ жұртқа жария етіп келе жатқан «Южный Казахстан" газетінің жарық көре бастағанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығында "100 жыл оқырманмен бірге» атты салтанатты кеш өтті. Өңірлік басылымның ғасырлық тарихын айқындайтын маңызды шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеров редакция ұжымын құттықтап, қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Жиында қазіргі журналистиканың өзекті мәселелері, өңірлік БАҚ-тың рөлі және цифрлық дәуірдегі газет жанрының маңызы айтылды. Сондай-ақ , «Ветер перемен» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Бұл туындыда редакцияның 100 жылдағы өмірі, журналистердің тағдыры мен газеттің ғасырлар тоғысындағы жолы баяндалған.