Түркістан облысының Созақ ауданында заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 200 орындық нысанның ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Жаңа спорт кешені «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Жалпы аумағы 3 гектарды қамтитын нысанда күрес, бокс, волейбол және аралас жекпе-жек залдары, жабық бассейн бар. Бір мезетте 100 спортшыға дейін жаттыға алады. Кешен ауласында тұрғындарға арналған шынығу аймағы мен футбол алаңы қарастырылған. Жаңа нысан аудан жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға серпін бермек