Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады. Президент әлемдік білім беру талаптарына сай келетін Woosong университетінің филиалын Түркістаннан ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдіріп, жоғарғы оқу орны білім беріп қана қоймай, Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарын мәдени жақындастыру тұрғысынан ерекше бастама болғанын атап өтті. Әңгімелесу барысында ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларына білікті маман дайындауға қатысты сөз қозғалды.