Түркістандық тұрғындар құқық қорғау саласына қатысты тегін кеңес алды. "Халық заңгері" республикалық акциясында мемлекеттік орган өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар азаматтардың ұсыныс тілектерін жеке жеке тыңдап, сауалдарына жауап берді. Мұндағы басты мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету.