Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар» жылына арналған «Тәлімгер» әлеуметтік реалити жобасының жабылу салтанаты өтті. Мақсаты – жастар арасында еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыру. Шара барысында үздік шыққан жастар марапатталып, қатысушылар еңбектің қадірі мен маңызын сезінді.