Түркістан
EN

Медициналық қызметтерге 126 млрд. теңге төленген

48
31.10.2025

Соңғы бес жылда Түркістан облысында медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2,9 есеге өсіп,  239 млрд теңгеге жеткен. Бұл – өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне бөлінген қаржының айтарлықтай артқанын көрсетеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы биыл  тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін 126  млрд теңге төледі. Оның  3 миллиарды  – жүрекке, 809 млн теңгесі  – миға жасалған күрделі операцияларға бағытталған. Айта кетейік, облыстағы 185 медициналық ұйымның бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған. Бұл – дәрігер қабылдауына жазылуды жеңілдетіп, кезек күту уақытын екі есеге қысқартып отыр.