Отырар ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды. Оқиға кеше екінші қабаттағы пәтерде болған. Өрт шығып, көршілес пәтерлердің қабырғалары қираған. Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының арқасында тілсіз жау дер кезінде сөндірілді. Ал, зардап шеккен үй иесі ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Басқа тұрғындар Шәуілдір ауылындағы колледждің жатақханасына жайғасты. Қазір төтенше жағдайдың нақты себептерін мамандар зерттеп жатыр.