Түркістан
EN

Халықаралық талапқа сай атшабар пайдалануға беріледі

66
31.10.2025

Биыл Түркістанда халықаралық талаптарға сай жабдықталған атшабар ашылады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Қазір ипподром құрылысына  200-ге жуық жұмысшы мен 53 техника тартылған. Электр, су, жылу және кәріз жүйелері жүргізілуде.  1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Жалпы атшабарда  жылқыларды бағатын орындар, ветеринарлық бекет, жем-шөп қоймасы және бәйге мен көкпар алаңы бар.