Түркістан облысы Төле би ауданында 1 азамат күйдіргі дертіне шалдықты. Науқас қазір ауруханада ем алуда. Сондай-ақ онымен қарым-қатынаста болған 10 адам дәрігерлердің қарауынан өткен. Бір тәуірі, олардан қатерлі кеселдің белгілері анықталмаған. Кейіннен белгілі болғанындай осыдан он күн бұрын Ақайдар ауылының тұрғыны ауру малын сойып алған. Және сақтық шараларын ескерместен етті азық еткен. Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары бұл деректі растап отыр.