Түркістан
EN

Қоғамдық кеңес мүшелері медициналық нысандарды аралады

50
30.10.2025

Түркістан қаласындағы медициналық мекемелерге қоғамдық бақылау жүргізілді. Жаңа құраммен жасақталған қоғамдық кеңес мүшелері мен «AMANAT» партиясының өкілдері орталық аурухананың жұмысымен танысты. Мониторинг барысында тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қажетті жабдықтардың жеткіліктілігі тексерілді.