Түркістан
EN

Жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр

45
30.10.2025

Түркістан облысында өндіріс қарқыны күшейіп келеді. Өңірде жаңа зауыттар салынып, инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен инвест штаб отырысында айтылды. Жиында Түркістан қаласы мен бірқатар аудандардағы өндіріс жобаларының барысы талқыланды. Атап айтқанда, ауыр техника, мата және еден жабындарын шығаратын зауыттардың құрылысы қаралды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған суару жүйелері мен өңдеу кәсіпорындарын дамыту жоспары сөз болды. Өңір басшысы инвестициялық климатты жақсартып, индустриалды аймақтардың әлеуетін арттыруды тапсырды. Қазір облыста кәсіпкерлік нысандар көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.