Түркістан
EN

Қылмысқа қарсы бірлескен қадам

39
30.10.2025

Парламенті Сенаты Қазақстан мен Марокко Корольдігі арасындағы екі маңызды халықаралық келісімді ратификациялады. Тараптар сотталған адамдарды бір-біріне беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы заң жобаларын мақұлдады. Сенаторлардың айтуынша, бұл құжаттың басты мақсаты – шетелде қамауға алынған  қазақстандықтардың өз елімізде жазасын жалғастырып, қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік жасайды.  Айта кетсем, бұған дейін осындай келісімдер 30-ға жуық мемлекетпен жасалған. Олардың ішінде Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Франция, АҚШ және басқа да елдер бар.