Түркістанда Түркия Республикасының 102 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиында бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сөз сөйлеп, Түркия халқын мерейлі мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы екі ел арасындағы тарихи және рухани байланыстардың нығая түсуі бауырластықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.