Түркістан
EN

Үкімет басшысы АҚШ президентінің өкілдерімен кездесті

41
30.10.2025

Үкімет басшысы Олжас Бектенов АҚШ Президентінің өкілдерімен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіп, энергетика, цифрлық даму және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды талқылады. 1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестиция көлемі $61,2 млрд-қа жетті. Кездесуде цифрлық индустрия мен жасанды интеллект саласындағы әріптестікті дамыту басым бағыт ретінде айқындалды. Бұл ретте Alem.AI халықаралық орталығы мен Astana Hub негізгі алаңдар ретінде атап өтілді.