Түркістан
EN

Мәжіліс депутаты азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуді ұсынды

80
29.10.2025

Жыл басынан бері елімізде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Әбутәліп Мутәлі айтты. Оның сөзінше, өткен жылы интернет-алаяқтық бойынша 22,9 мың қылмыстық іс тіркелгенімен көп жағдайда тергеу тоқтатылған. Бұл қолданыстағы шаралардың әлі де жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сондықтан депутат жауаптыларға арнайы сауал жолдап, дербес деректердің қорғалуын барынша күшейтуді ұсынды.