Түркістан
EN

Газ желісінен ақау шықты

109
29.10.2025

Түркістан облысында мыңдаған тұрғын көгілдір отыннан қағылды. Мақтаарал ауданында жоғары қысымды газ құбыры жарылып, 9 мыңнан астам абонент газсыз қалды. Апат диаметрі 400 миллиметр болатын магистральді желіде болған. Бұл құбыр «Мақтаарал» газ тарату стансасын Мырзакент ауылымен байланыстырады. Мамандар жерді қазып тексеру кезінде құбырлардың жалғанған жерінде  герметизацияның бұзылғанын анықтаған.   Қазір жауапты мамандар жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр.