Түркістанда тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 28 кәсіпорын мен мекеме қатысып, мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды. Қатысушылар өз мамандықтарына сәйкес келетін ұсыныстармен танысып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.