Қазақстанда Ұлттық археологиялық қызмет құрылады. Орталық Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының базасында болмақ. Бұл туралы бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Жиында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері көтеріліп, оған қатысты заң жобасын депутат Асхат Аймағамбетов таныстырды. Оның сөзінше қазір археологиялық жұмыстарды ғылыми тұрғыда бақылап, үйлестіретін нақты мекеме жоқ. Сондықтан бұл салаға жаңа қызмет қосылып, қазба жұмыстарына мониторинг жүргізетін болады.