Түркістан
EN

2029 жылы елде энергия тапшылығы түбегейлі шешіледі

69
28.10.2025

Елімізде дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңартылатын және атомдық энергияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Қазақстанның электр жүйесі Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істейді. Салада цифрландыру үдерісі дамып, энергетика бойынша көрсетілетін 43 мемлекеттік қызметтің 99 пайызы онлайн форматта қолжетімді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалағымен өткен Үкімет отырысында айтылды.  Жиында электр энергетикасын дамыту және цифрландыру мәселелері кеңінен талқыланды. Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне жыл соңына дейін 250 МВт, ал келесі жылы 2,5 ГВт энергия қуатын енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ энергияны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін құру және энергетикалық нысандардың жұмысын онлайн-мониторинг арқылы бақылау міндеті қойылды.