Түркістан облысында әлем чемпионы Шұғыла Өмірбекке «темір тұлпар» сыйға берілді. Балуанды облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Чемпионның жеке бапкері Нұржігіт Ерімбетовке де құрмет көрсетіліп, алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыс етілсе, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергенов алғыс хатпен марапатталды. Шұғыла мен бапкері қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ендігі меже – Олимпиада ойындары екенін жеткізді. Сол бағытта жаттығуды күшейтіп, шеберлікті шыңдайтындарын атап өтті.