Әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек туған жерге оралды. Ел намысын абыроймен қорғаған балуанды Шымкент халықаралық әуежайынан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері спорт жанашырлары және туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды. Салтанатты жиында Шұғыла Өмірбек өзіне қолдау білдірген барша жанға алғысын айтып, алдағы басты мақсаты — Олимпиада шыңын бағындыру екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетсем, Сербияда әйелдер күресінен өткен әлем чемпионатында Шұғыла Өмірбек 55 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол түрік балуаны Туба Демирді 12:8 есебімен тізе бүктірді. Осылайша Шұғыла — тарихи нәтижеге қол жеткізген тұңғыш қазақ қызы атанып отыр.