Спорт кешені пайдалануға берілді

11
28.10.2025 17:10

Арыс қаласының Ақдала ауылында заманауи спорт кешені ашылды. Бұл — ауыл жастарының көптен күткен қуанышы. Жаңа нысанның пайдалануға берілуі ауыл спортының дамуына серпін беріп, бұқаралық спортты жандандыруға жол ашады. Енді мұнда жастар түрлі олимпиадалық ойындарға кәсіби түрде дайындала алады.