Қазығұрт ауданының Атажұрт ауылында көптен бері өзекті болып келген ауыз су мәселесі өз шешімін тапты. Елді мекенде жаңа орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылды. Жоба «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.