Түркістан облысына Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі келді. Нуриддин Азизимен облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы кездесіп, сауда мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын талқылады. Бүгінгі таңда Ауғанстанның «Талифа» компаниясы Түркістан облысында кептірілген жеміс, көкөністер мен майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың жобасын іске асыруда. Жиында тараптар өзара тиімді әріптестікті жалғастырып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жөнінде уағдаласты.