Түркістан
EN

Түркістандық кәсіпкерлер және инвесторлар өзекті мәселелерді көтерді

116
23.10.2025

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі аймақтағы іс бастаған тұрғындармен кездесті. Жеке қабылдауға келгендердің бірі – Қалдаш Төленов. Шаян ауылының тұрғыны бүгінде 2000 бас бөдене асырап, құс шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Ендігі мақсаты -  бөдене санын 10 мыңға жеткізу.  Су мен жем беру жүйесін толықтай автоматтандыруды да көздеп отыр. Дегенмен, қазір қолға алған қора-жайының құрылысы қаржы жетіспеушілігіне байланысты тұралап тұрғанын айтады.