Түркістан облысында білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды. Кездесуге облыс басшылығы, білім басқармасы және IT-мамандар қатысты. Бүгінде өңір мектептерінде жиырмадан астам цифрлық жүйе қолданылып, мұғалімдерге артық жүктеме түсіріп отыр. Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық платформа құрудың маңызы айтылды. Негізгі мақсат — білім беру процесін жеңілдетіп, ашықтық пен сапаны арттыру.