Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық дамуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. Депутаттар алдағы үш жылда экономиканың өсу қарқынына әсер ететін факторлар мен нақты секторды қолдау тетіктерін сұрады. Премьер-министр өз кезегінде, Үкімет бюджеттік жоспарлауда сақ әрі нақты ұстаным ұстанатынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде «Бәйтерек» холдингі арқылы жалпы құны 8 триллион теңге болатын ірі бағдарлама іске асырылып жатыр. Бұл қаржы инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды дамытуға бағытталған.