Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Республика бойынша 26 миллион тоннадан астам астық бастырылған. Бұл ішкі нарықты толық қамтып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Биыл еліміз бойынша 23 миллион гектардан астам жерге дәг себілді. Оның жартысынан көбі дәнді және бұршақ дақылдары. Қазіргі таңда егіннің 88 пайызы жиналып, орташа өнімділік гектарына 16,9 центнерден айналған. Бидайдың түсімі де мол — шамамен 20 миллион тонна өнім алынған. Майлы және бұршақты дақылдар бойынша да биыл рекордты өнім жиналады деген болжам бар. Сондай-ақ картоп, көкөніс пен бақша өнімдері де мол жиналған. Жалпы биыл агросаланы қолдау мақсатында алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 1 триллион теңгеге жеткен. Бұл — шаруаларға техника жаңартуға, тыңайтқыш алуға және өнімділікті арттыруға үлкен мүмкіндік береді.