Бүгін Парламент мәжілісінде алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет талқыға түсті. Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылы әр салаға бөлінетін қаржы көлемін атады. Министрдің айтуынша, келер жылы әлеуметтік сала басты басымдықтардың бірі болмақ. Халықты әлеуметтік қорғауға 6,8 триллион теңге жұмсалады. Денсаулық сақтау саласына 2,7 триллион теңге қарастырылған. Бұл биылғы қаражаттан 107 миллиард теңгеге артық.