Алматылық "Қайрат" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің "Пафос" командасын қабылдады. Кездесу алғашқы минуттан-ақ тартысты басталды. Бірінші минутта "Пафос" ойыншысы Коррея тәртіп бұзып, тікелей қызыл қағаз алды. Алайда бір ойыншысы кем қонақтарға қарамастан, "Қайрат" алғашқы таймда басымдық көрсете алмады. Екінші кезеңде кипрліктер қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, қақпашы Темірлан Анарбеков сенімді ойын көрсетіп, бірнеше голдық соққыны қайтарды. Қалған уақытта есеп өзгермей, матч 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді.