Түркістан
EN

Шымкенттік тұрғын вейп сатқан

52
22.10.2025

Шымкентте электронды темекі мен вейптерді заңсыз сатқан жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарында әйел өзінің іс-әрекетінің заңсыз екенін біле тұра, WhatsApp мессенджері арқылы сатып алушылардан тапсырыс қабылдап, электронды құрылғыларды сатып отырған. Тінту барысында оның үйінен құны 7 миллион теңгеден асатын 575 вейп тәркіленген. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Судья әйелдің балаларының барын ескеріп, 393 200 теңге  айыппұл тағайындады.