Осыдан 7 жыл бұрын Сарыағаштан ірге ажыратқан Келес ауданының сәулеттік келбеті жылдан жылға жақсарып келеді. Аймақ орталығы мен ауылдарда инфрақұрылым жаңарып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында аймақ орталығы Абай ауылында Рәміздер алаңы бой көтереді.