Түркістан облысында 100 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік қолдаумен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Отырыста әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстардың тиімділігі қаралды. Аймақ басшысы жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне тұрғындарға көрсетілетін көмек сапасын арттыруды тапсырды.