Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай Түркістанда патриоттық іс-шара өтті. Оған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының мүшелері мен Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жеке құрамы қатысты.