Түркістан
EN

Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды

102
21.10.2025

Қазақстанда тағы бір ірі өндіріс ошағы іске қосылды. Қостанай қаласында KIA Qazaqstan зауыты ашылды. Телекөпір арқылы өткен шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл — еліміздің машина жасау саласын жаңа деңгейге көтеретін жоба. Зауыттың жалпы аумағы — 63 гектар. Мұнда жылына 70 мыңға дейін көлік шығарылады.
Кәсіпорын 1500 адамды жұмыспен қамтымақ. Құрастырылған темір тұлпарлар Қазақстанмен қатар Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталады. Президенттің айтуынша, жоба Қостанай облысының ғана емес, бүкіл елдің индустриялық әлеуетін арттырады. KIA корпорациясы — әлемдегі ең ірі 10 автокөлік өндірушінің бірі. Ал оның көліктері — қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие үш марканың қатарында.