Ескі газ баллондардың мәселесі шешілмей тұр

13
21.10.2025 16:43

Биыл өрт сөндірушілер  апат салдарынан жарылуы мүмкін болған бір жарым мың газ баллонын дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып, адам өлімінің алдын алған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов бүгінгі үкімет отырысында баяндады. Министрдің сөзінше, елімізде ескі газ баллондарын жою мәселесі шешілмей тұр. Әзірге тек екі қалада арнайы пилоттық жоба іске қосылған. Жоба барысында газ баллондар тексеріліп, таңбалау жұмыстары жүргізіледі.