Өңіріміздің білімді де, зейінді шәкірттері егемен елімізді шартарапқа танытып, интелектуалды әлеуетінің мықты екенін білім бәсекелерінде танытып келеді. Өткен оқу жылында халықаралық сайыстар мен ғылыми жобалар конкурсына өңірден 28 оқушы қатысып, 10 бала жеңіспен оралған. Сондай ақ, Түркістан облысында 5 білім ордасы үздік олимпиадалық мектеп қатарына енді.